- ЖАРНАМА -

Ұлы мемлекетіміздің тарихын ұлықтау қажет

Қыс-2020

Түркістан облысы Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының және Ұлттық сараптама орталығының Түркістан қалалық бөлімшесінің мамандары қала...

Ковид-19 адамдарға дұрыс тамақтануды үйретті

Көп бөлігі әйелдерден құралған 11 мыңға жуық тұтынушы арқылы 11 елде жүргізілген зерттеу нәтижесі эпидемия кезінде көкөністер мен жемістердің көп сатылғандығын, дайын тағамдардан көбі аулақ болғандығын және тағамды ысырап етпегендігін көрсетті.

Грета Тунберг Pearl Jam рок-тобының клипінде

АҚШ-тың Pearl Jam музыкалық тобының ретроградтық әнінің мультипликациялық клипінде 17 жастағы швед климатының белсендісі Грета Тунберг, тротуарлар мысалында климаттың өзгеруі туралы ескертулер жасады.

Covid-19-бен күреске 3 триллион доллар

Демократтардың бақылауындағы Өкілдер палатасы корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы 3 триллион долларлық экономикалық қолдаудың жаңа пакетін мақұлдады.

Ұлы мемлекетіміздің тарихын ұлықтау қажет

Ежелгі Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы ретінде, орта ғасырда ұлы далатөңірегінде Шыңғыс ханның ұйыстыруымен көшпелі түрік тайпалары бір тудың астына біріккені баршаға мәлім....
- ЖАРНАМА -

Ежелгі Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы ретінде, орта ғасырда ұлы дала
төңірегінде Шыңғыс ханның ұйыстыруымен көшпелі түрік тайпалары бір тудың астына біріккені баршаға мәлім. Шыңғыс қаған өзі бағындырған жерді бас бәйбішесі (қоңырат) Бөртеден туған төрт ұлына енші қылып бөліп береді. Соның ішінде Жошы оғланның үлесіне Ертіс өзенінен бастап, Батысқа қарайғы барлық аумақ беріледі. Тағдырдың жазуымен Жошы әкесінен алты ай бұрын 1227 жылдың ақпанында бақиға аттанды.

Жошы ханның өліміне байланысты бүгінгі қазақ арасында Кетбұға жыраудың жеткізуімен «Ақсақ құлан» күйі сақталған. Жошының артында отыздан астам ұл-қыздары қалды. Олардың ішінде бізге белгілілері: Орда-Ежен, Бату, Берке, Беркенжар,Шибан, Тоқай-Темір.

Сонымен, Шыңғыс қағанның ұйғарымымен мезгілсіз қаза болған әкенің
орнына Бату сайланады. Бату өз кезегінде ұлыс іргесін бекітіп, әскерін
күшейтіп, шекараны кеңейтуге күш салды. Оның жеті жылдық батысқа жорығы (1236-1241) осыған дәлел. Ұлыс ішіндегі тәртіп, халықтың құрылымы, жүріс-тұрысы, дәстүр салты толықтай ұлы хан (Шыңғыс хан) атасы бекіткен “Жасақ” заңы негізінде реттелді. Ұлыс ішінде емін-еркін жүріп-тұруы үшін арнайы «пайза» (бүгінгі тілмен айтқанда документ) берілді. Бату хан, шын мәнісінде, ұлы қағанаттан бөлек жаңа бір ұлыстың негізін қалаған болатын. 1243 жылы Еділ өзенінің жағасында жаңа астана Сарай-Бату қаласын салуы осының дәлелі. Осы тұста Орданың жаңа астанасына батыс пен шығыстан ағылып елшіліктер келе бастады. Олардың қатарында атақтылары: француз королі Людовиг IX нұсқауымен келген Вильям Рубрук, Плано Карпини және итальян саяхатшысы Марко Поло бар.

Аталған елшілердің мақсаты шығыстан шыққан батыс әлемі үшін мүлде бөтен жұрт саналатын өздері татар деп атайтын (бүгінгі қазан татар қауымына қатысы жоқ) белгісіз халық жөнінде мәлімет жинап қайту болатын. Бұл елшілер Бату ханның сарайында болып, ол кісімен сұхбаттасып емін-еркін әңгімелескен және сый-сияпаттар алған. Осы аталған адамдар батыс әлеміне беймәлім жұрт туралы алғашқы мәлімет таратқан болатын. Ұлыстың бастапқы шекарасы Дунай өзенінен басталып Арал теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Көп ұзамай Бату дүние салған соң орнына інісі Берке отырды.

Берке тумысынан қатал, әрі өжет, қайсар, бірбеткей жан еді. Өз кезегінде ол мұсылман қауымына бір табан жақын болды. Осының әсерінен сол тұстағы Мысыр мәмлүктерінің IV сұлтаны түрік текті Әз-Зәһир сұлтан Бейбарыспен тығыз дипломатиялық қатынас орнатып, Ирандағы Хулагу (Шыңғыс ханның Төледен туған немересі) құрған елхандары ұлысына қарсы әскери-саяси одақ құрды және туыстас екі ұлыс өзара бірнеше рет майданға түсті. Бейбарыстың әсерімен Берке хан толықтай ислам дінін қабылдады, сонымен қатар, қарауындағы азды-көпті халықтың біразын мұсылманшылыққа келтірді. Орыс жері толықтай жауланды және князьдар жыл сайын салық төлеп тұрды. Осы тұста славян жұрты өздерін билеп отырған мемлекетті «Золотая орда» деп атай бастады.

Берке ханнан соң таққа Батудың немерелері Мөңке-Темір мен Туда-Мөңке
отырды. Бұл хандардың тұсында Ордада саяси-мәдени өзгеріс бола қойған
жоқ. Алтын орда тарихының шарықтау шегі деп біз Өзбек ханның (1312-1342) тұсын айта аламыз. Дәл осы Өзбек ханның тұсында ислам діні мемлекеттік дін ретінде жарияланып, тиісінше мешіт, медреселер саны көбейіп, білім-ғылым ордаларының саны еселеп арта бастады. Алтын орданың әлемдік саяси картада беделі өсе бастады. Барлық Ордаға тәуелді иеліктерден бұрынғыдан әлдеқайда көп мөлшерде салық түсіп тұрды. Теңге соғу ісі жолға қойылды.

Өзбек хан биліктен кеткен соң шын мәнісінде Орданың құлдырау кезеңі
басталды. Өзбектен соң билікке келген Жәнібек көп ұзамай өз баласы
Бердібектің қолынан қаза тапты. Әкесін өлтіріп арам жолмен таққа отырған
ол Орда маңындағы басқа да Шыңғыс ұрпақтарының қастандығына ұшырады. Бердібек ханның өліміне байланысты халық арасында «нар мойыны Бердібекте үзілді деген» мәтел сақталған.

Осы оқиғадан соң билік уақытша Жошы әулетінен кетіп қолбасы Мамайдың
қолына көшті. Ол өз билігі тұсында Орданың нағыз құдіретті әміршісіне
айналды. Өзі билік құрған жиырма жылдың ішінде «24 ханның» ауысуы
осының дәлелі. Ақыр соңында Мамайдың жұлдызды сәті түгесілді. Одан
билікті Жошының он үшінші ұлы Тоқай-Темірдің ұрпағы Тоқтамыс тартып
алуға тырысты. 1380 жылы Ордаға тәуелді орыстар бүлік бастап, Дмитрий
Донскойдың басшылығымен (Күлік) даласында Мамай әскеріне қарсы тұрды.

Осы шайқаста тарихта тұңғыш рет Орда әскері өзге жұрттардан һәм орыс
әскерінен алғаш жеңіліс тапты. Осы жеңіліске арқаланған славяндар Ордаға
салық төлеуден бас тартты. Алайда көп ұзамай 1382 жылы Орда ханы
Тоқтамыс Мәскеуге шабуыл жасап, қаланы түгелімен өртеп жіберді. Осыдан
соң Орданың бұрынғы қайраты қайта орнап, өшкені жанғандай көрінген.
Дегенмен Орта Азияда билігін нығайтып, қанатын кеңге жайып келе жатқан
атақты Әмір Темір Орданың бүтіндігіне нұқсан келтірді. Кәрі тарихтан белгілі
Әмір Темір мен Тоқтамыстың арасында үш мәрте айтулы майдан болды. Үш
майданда да Темірланның Тоқтамыстан әруағы басым түскенін көреміз. Шын
мәнісінде Темірдің адам айтқысыз ауыр шығын әкелген Ордаға қарсы
жорықтары Алтын орданың өмір сүруін біржола тоқтатты деп мойындауымыз
керек.

Араға жиырма жыл салып, 1428 жылы Ордадан әуелі Шибан, Орда-Ежен,
Тоқай-Темір ұрпақтары өз еншісін алып тарқасты. Біркездері ғажайып сән-салтанатымен, байлығымен, өлшеусіз байтағымен әлемді аузына қаратқан
айдынды Алтын Ордамыз тарих сахнасынан біржола кетті. Дегенмен
«орнында бар оңалар» демекші кең даланы мекендеген байырғы ұлыстың
ұжымды халқы өздерінің тума атымен бүгінгі Қазақ халқын құрағаны белгілі
(Шын мәнісінде ол өз алдына бір тарих).

Біздің айтпағымыз, Алтын Орда сынды алып империяны құраған халық осы күндері бәз біреулері айтып жүргендей орыс та емес, моңғол да емес таза көшпенді түрік тайпалары болатын. Осы орайда, биыл құрылғанына 750 жыл толатын ұлы мемлекетіміздің өткенін зерттеп, тарихын жазу оны мақтан ету бүгінгі ұрпақтың басты борышы демекпіз. Өз тарихымызды білейік және құрметтейік, ағайын!

Әділет Әбсаттарұлы

Жауап қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда атыңызды енгізіңіз:

- ЖАРНАМА -
- ЖАРНАМА -

Танымал

Тоғызқұмалақ – табиғат пен болмыс

Мақсат Есенбекұлы Шотаев - Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-Президенті Тоғызқұмалақтан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Коронавируспен күресте 1918 жылғы Испан тұмауынан үйренеріміз не?

Әлемде шамамен 1 миллион 300 мың адамға жұққан және 70 мыңнан астам адамды өлтірген корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы вакцина әзірленген жоқ.

Неліктен өлімші вирустар жарқанаттарда пайда болады?

Жарқанаттар жақында пайда болған және жануардан адамға берілетін көптеген аурулардың негізгі себебі болып саналады. Неліктен өлімге әкелетін вирустар сол жануарда пайда болады?

Қатысты мақалалар

Томирис патшайым жайлы 10 дерек

Тарих Томирис патшайым жайлы 10 деректі анықтады.

TANAP: Энергияның Жібек жолы

TANAP-тың Еуропамен байланысы Эдирнеде өткен салтанатты жиында жүзеге асырылды. –деп хабарлайды Анадолу Ажансы.

II Маршалл жоспары

Бұл АҚШ-тың антикоммунистік нысандары бар экономикалық көмегі, ол 1947 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұсынылған және 1948-1951 жылдар аралығында күшіне енген. 16 мемлекет осы жоспар бойынша АҚШ-тың экономикалық дамуына көмек алды.