Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Қайран қалам

Қайран қалам, сапасыз істерден, қадағалау жоқ басшылардан, әрбір істің тоз-тозы шығуда, елім деп еңіремеген ерден, етекті аңдитын ұл шығар демекші, туған қаламызда көрмейін десеңде быттыйып, алдыңнан шығатын келеңсіз нәрселердің орын алуы, жұмыстардың сапасыз істелінуінен деп ойлаймын…Себебі жұмыс көрер көзге керемет істелінеді..Алайда сапа ноль..Қабылдап алушыға сапа емес, ақшасы қызық болған заманда, әкім менен мәслихат хатшысының да басын ауыртқаны барма? Түркістан қаласының әкімдігінің фейзбук парақшасын ашып оқысаң бәрі керемет, бәрі зор..Жұмысты дұрыс істемеген мердігерлерге айыппұл салып жатады, сапасыз жұмыстарды қайта істетіп жатады..Сонда деймін қай мердігерлерді меңзейді екен,, қай көшелерді сапасыз болғандықтан қайта істеді екен..Ол жұмбақ..Қанша іздесең де таба алмайсың..Гуглдан бұрынғы киелі қаламыздың экс-әкімі Рашид Аюповтың тергеуі аяқталып, он жыл бұрынғы қылмысы әшкере болды дейді..Сонда деймін, неге осы жергілікті биліктер өздерінің бұрынғы әріптестерінің қателігінен сабақ алмайды..Осы шығарылған дүниелерді сізде бізде арғы дүниеге алып кетпейіз, сізде алып кетпейсіз..Оның бәрі болашақ ұрпаққа аманат, ал болашақ ұрпақ неге сапасыз дүниелерге иемдену керек.. Жәнеде болашақ ұрпағымызға осы сапасыз дүние жете ме? Қазірдің өзінде сынып, бүлінген дүниелерді көзіміз көруде…Рэй Коре жазушының керемет сөзі бар «Басшының сапасы-өзі белгілейтін стандарттарда жұмысы анық көрінеді»-деген. Ал Ғабит Мүсірепов атамыз ше.. керемет жазып кеткен..Әрбір басшының еңбегі, түптеп келгенде, санмен емес, сапамен өлшенеді-дейді.. Сол себеп Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мырза және мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев мырза қалаға және халыққа жұмыс жасайтын уақыт келді…

Рахымжан Шаймерденов

Ваш комментарий будет первым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *