Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Жемқорлықпен күрескен сайын неге жемқорлық өршуде…

Жемқорлық-қандай жаман естіледі. Алайда қанша мәрте ести бергеннен бе белгісіз құлағымызға сіңіп кеткендей… Осы жаман дертке бірінші Кентау қаласының әкімі Мақажанов ілікті, қазіргі таңда қамауда.
Одан кейін осы Мақажанов тың креслосын иемденген Түркістан және Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюпов тергеу изоляторында. Ал енді Түркістан қаласының әкімдігінде қала әкімі Қайрат Молдасейтов болып тұрған кезінде аппарат басшысы қызметін атқарған жәнеде түрлі қызметтер атқарған Дарын Жаппарқұл деген (адамдық қасиет жағынан жақсы адам) қазіргі таңда іздеуде жүр екен…

КЕЛЕСІ КІМ ЕНДІ КЕЗЕКТЕ. ???……

Біздің қоғамдық бірлестігімізге ұзынқұлақтан Түркістан қаласының мәслихатының бір депутаты өзінің қасына ертіп жүретін қолшоқпарларын бір емес, екі емес, ҮШ мекемеге тіркеп жұмыс істейді қылып бұйрық шығартып жалақы алып отырғандығы туралы Мәліметтің келуіне орай, зерттеу жүргізіп көрсек рас ақпаратқа жанасатынын байқадық.. Қазіргі таңда сол мемлекеттік мекемелерге сұраныс хаттар дайындау үстіндеміз.. Түркістан қаласының біраз жастары аз айлық болсада жұмыс таба алмай жүр..Ал Түркістан қалалық мәслихат депутатының демеуімен бір кісілер үш мекемеден жалақы алып жүр…Сонда дейміз бір жерден жалақы алады мейлі барар бармас, екінші жерден жалақы алады барар бармас, ал үшінші жерге қалай үлгерген екен..Әлде адам емес робот болғаны ма, әлде КРЫШАСЫНА сеніп, үш мекеменің басшыларын үркітіп білгенін істеп жүрме?
Дайындалып жатқан хатымызға осы үш мекеменің басшылары күн созып, жалған жауап бермесе деген ойда,мен
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Шаттық Өтеев мырзаның қабылдауына жазылдым..жәнеде Экономикалық қылмыс департаментіне хат тастасам деген ойдамын…
КЕЛЕСІ АДАМНЫҢ КІМ ЕКЕНДІГІ ЖҰМБАҒЫН ШЕШІП Қаламыз ба деген ойдамыз….
Зерттеу жәнеде зерделеу нәтижесімен сіздермен бөлісетін боламыз…

Рахымжан Шаймерденов

Ваш комментарий будет первым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *