Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Киелі қаламыздың орталығында сносқа мемлекеттік мұқтаждыққа деп, көптеген үйлердің бұзылғанын көзбен көрдік

Киелі қаламыздың орталығында сносқа мемлекеттік мұқтаждыққа деп, көптеген үйлердің бұзылғанын көзбен көрдік. Бұзылмаса болмайды, мемлекет маңызды инфраструктуралардың құрылысын жүргізеді, көпқабатты үйлер салынады деген сөздерді жиі еститін едік..Енді уақыт өте осы бұзылған үйлердің орны төмендегі фотоларды көрсетілген коттедждер бой көтере бастады. Бас жоспар, кейбір дөкейлердің бас пайдасына өзгерді, содан он шақты коттедждер бой көтеріп, қазіргі таңда аяқсыз қалып, бітпей тұрғанына біраз уақыт болды..Е терезесі жоқ, е есігі жоқ қолданысқа жарамайтын коттедждер кімге керек?? Біздің редакциямызға осы сақалы шыққан құрылыс басында жоспарсыз және заңсыз салынған деген мәліметтер келуде. Алайда делік заңды болса неге толық бітпей тоқтап тұр деген ой келеді.
Өзіміздің ұйым бүгін мониторинг жасап қалада осы коттедждерді көзбен көріп шықты, қаңырап тұр.
Қарауыл жоқ, сатылады деген жазу ғана жазылған..Ешқайсысы толық бітпеген..Осы коттеждер бойынша біздің ұйым және редакция журналистік және қоғамдық зерттеулер жүргізіп, сіздерге толық мәліметтер беретін болады.

Ваш комментарий будет первым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *