- ЖАРНАМА -

Жолданбаған хат

Қыс-2020

Түркістан облысы Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының және Ұлттық сараптама орталығының Түркістан қалалық бөлімшесінің мамандары қала...

Ковид-19 адамдарға дұрыс тамақтануды үйретті

Көп бөлігі әйелдерден құралған 11 мыңға жуық тұтынушы арқылы 11 елде жүргізілген зерттеу нәтижесі эпидемия кезінде көкөністер мен жемістердің көп сатылғандығын, дайын тағамдардан көбі аулақ болғандығын және тағамды ысырап етпегендігін көрсетті.

Грета Тунберг Pearl Jam рок-тобының клипінде

АҚШ-тың Pearl Jam музыкалық тобының ретроградтық әнінің мультипликациялық клипінде 17 жастағы швед климатының белсендісі Грета Тунберг, тротуарлар мысалында климаттың өзгеруі туралы ескертулер жасады.

Covid-19-бен күреске 3 триллион доллар

Демократтардың бақылауындағы Өкілдер палатасы корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы 3 триллион долларлық экономикалық қолдаудың жаңа пакетін мақұлдады.

Ұлы мемлекетіміздің тарихын ұлықтау қажет

Ежелгі Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы ретінде, орта ғасырда ұлы далатөңірегінде Шыңғыс ханның ұйыстыруымен көшпелі түрік тайпалары бір тудың астына біріккені баршаға мәлім....
- ЖАРНАМА -

Сәлем!
қалың қалай?
Жауапсызсың көптен бері,
Ұмыттыңба?
Қайда ұштың жыл құсындай көктемдегі.
Жанарымның ішінде тасыды өзен,
Келгендей тау мұзы еріп көктем селі.
Хабарыңды алу қиын,
Жүрегің тасқа айналып кеткен бе өзі!?
Бірақ таста шын сезімге ериді ғой!
Сен одан да қаттысың , білемісің?
Тым болмаса шын ғашықтық жүрек үшін,
Тіл қатуға болмаспа еді!?
Сонда менің жүрегім тоңбас та еді!

Ех, махаббат, әңгімең бар таусылмайтын,
Жазылмаған дастан делік,
Түстім солай тағдыр құрған қақпанға еніп,
Қырандай көкті кезген қырағы едім,
Торға түскен торғайдай боп барамын.
Өртенбей қалған едім от жалыннан,
Басқанда махаббаттың шоқты алабын.
Қорқамын,кеудемдегі жұмыр еттің,
Ойласам бір жапырақ боп қаларын!

Қаншама рет тірілді ол байқұсым,
Жайрап барып,
Қайта соқты қан жүгіріп қайнап барып,
Сендегі бар жүректің төзімі әлсіз,
Болмаса, егер қайта оралар қайраттанып.

Амалым не?
Қолымнан келері аз,
Бәрі де бір құдайдың жазуымен,
Созсам, қолым жетпейді жырақтасың,
Іздеп сені аңсадым ұнатқасын.
Бақ тілеймін енді саған айтарым сол!
Таңір сені биіктен құлатпасын,
Жылатпасын, енді біздің,
Басар алда жолымызда екі бөлек,
Болғайсың берік мәңгі сертіңе тек.

Ұмыт мені,
Сені ұмыту қиын маған,
Бақытымның бірі болдың бұйырмаған,
Алда талай жолдар бар қиырлаған.
Еңсеңді түсірме әсте менде солай,
Тағдыр жазған,бір күні сыйын да алам,
Жүректесің,
Есімің бар өшпейтін жүректе шын.
Қош бол жаным… енді саған не айтамын.
Бақытты бол!
Тілеймін шын жүректен мен соны,
Жолданбаған хатым осы ең соңғы!

Қағыбат Бөкенұлы

Жауап қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда атыңызды енгізіңіз:

- ЖАРНАМА -
- ЖАРНАМА -

Танымал

Қатігез жүрек

Жаралғанда жүрек, шіркін, жұмсақ ед(і).Жалғыз жүрек - жапырақтай бір тал ет.Ешкімге еш зәбірі тимейтінқарсы алдында өшпенділік тұрса да от.​

Қатысты мақалалар

Корона вирусына қарсы иммундық жүйені нығайтудың 8 әдісі

Корона вирусының эпидемиясын болдырмаудағы тиімді шаралардың бірі - иммундық жүйені нығайту. Мықты иммунитет қалыптастыру үшін тұрақты және қажетті тамақтануды сақтау керек.

Экономика тірегі – өндірістік кәсіпорын (Кентау трансформатор зауыты)

Кентау трансформатор зауыты – Қазақстандағы жалғыз трансформатор шығаратын кәсіпорын. Өнімдері елімізді толықтай қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да едәуір шығарылады. SAQ Aqparat Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан өндіріс ошағының біркүндік жұмыс уақытын сізбен бөліседі.

Байлық туралы қанатты сөздер

Өмірде өз орындарын қалдырып кеткен белгілі тұлғалардың тауып айтқан сөздерін болашақ ұрпақ мәңгі жадында сақтамақ. Өйткені тума талантты жандардың жүрегінен шыққан сөз, басынан өткен оқиғалармен байланысты.