- ЖАРНАМА -

Әнші құм – Қазақстанның ең ерекше жері

Қыс-2020

Түркістан облысы Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының және Ұлттық сараптама орталығының Түркістан қалалық бөлімшесінің мамандары қала...

Ковид-19 адамдарға дұрыс тамақтануды үйретті

Көп бөлігі әйелдерден құралған 11 мыңға жуық тұтынушы арқылы 11 елде жүргізілген зерттеу нәтижесі эпидемия кезінде көкөністер мен жемістердің көп сатылғандығын, дайын тағамдардан көбі аулақ болғандығын және тағамды ысырап етпегендігін көрсетті.

Грета Тунберг Pearl Jam рок-тобының клипінде

АҚШ-тың Pearl Jam музыкалық тобының ретроградтық әнінің мультипликациялық клипінде 17 жастағы швед климатының белсендісі Грета Тунберг, тротуарлар мысалында климаттың өзгеруі туралы ескертулер жасады.

Covid-19-бен күреске 3 триллион доллар

Демократтардың бақылауындағы Өкілдер палатасы корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы 3 триллион долларлық экономикалық қолдаудың жаңа пакетін мақұлдады.

Ұлы мемлекетіміздің тарихын ұлықтау қажет

Ежелгі Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы ретінде, орта ғасырда ұлы далатөңірегінде Шыңғыс ханның ұйыстыруымен көшпелі түрік тайпалары бір тудың астына біріккені баршаға мәлім....
- ЖАРНАМА -

Ел арасында “Айғай құм” деп те аталып кеткен жер Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан. Кейбір жерлерінің биіктігі 150 метрге дейін жететін құм шынымен де әуезді ән сала ма?

Жел тұрса, сырнай үні шығады, ал тіпті қатты жел тұрса, одан да зор дыбыстар естіледі деседі. Кейде “әнші”, ал кейде “айғай” деп аталып кетуі де осыдан болуы керек. Бір жолаушыны құшақ жая әсем әнмен қарсы алса, біреуіне ызғарланып, сес көрсеткендей күйде болады. Бізге жеткен аңыздарға сәйкес, бұл құмды Жібек жолы бойымен өтіп бара жатқан жолаушылар есту үшін, құдіретін сезіну үшін арнайы ат басын бұрып отырған.

Сәйкесінше мұндай табиғаттың тылсым күшімен жасалған дүние табиғат ескерткіші ретінде сақталып, “Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябақтың” құрамына енген.

Осы жер туралы аңыздар ел арасында көптеп таралған. Тіпті әр ауылдың өз аңызы бар. Солардың ішіндегі ең танымал дегендерін қарастырып көрейік. Бір аңызға сәйкес бұл жерде сүйіктісіне жете алмай қалған, дуаланған сұлудың дауысы естіледі екен. Сол сүйіктісіне жетуге деген ынтызарлығын осылай әлі күнге дейін жеткізеді. Өзге аңыз бойынша бұл жерде атақты Шыңғыс хан және оның сарбаздары жерленген. Хан өзінің ерліктері туралы ұрпақтарына жеткізу үшін осы дыбысты шығарады деседі.

Аңыздар көп деп атап өткенімдей, қорқынышқа толы аңыздар қатары да жетерлік. Біреуіне сәйкес бұл жерде қара ниетті адам дүние соңынан қуып, ақыры құм астында қалған. Оның әрбір өкіне отырып күрсінген демі осындай дыбыс болып шығады екен. Діни аңыздар бойынша бұрыңғы заманда ел арасында “шайтан” жүріп, адамдарды азғырған. Содан ол ісіне ашуы келген Құдай оны бір жерден екінші жерге тез бару қабілетінен айырыпты. Құм төбесінде орналасқан үйіне жету үшін оған жазық дала бойы жаяу жүруге тура келді. Жолының ауыр  боғланы соншалық – шаршап-шалдыққан ол құмға бір бүйірінен жатып, ұйықтап қалыпты. Ешнәрсе де оны оята алмайды. Мейлі жаңбыр, мейлі найзағай болсын. Тек адамдардың шығарған шулары маза бермей, ұйқысырап осындай дыбыс шығарады.

Не де болса, бұл жер – феномен. Қазақстанның ең ерекше жері, ел арасында танымалдыққа әлі ие болмаса да, әлемдік танымал құндылыққа айналатындай қауқары бар. Әуезді ән шығаратын осы сияқты құмдар саны әлем бойынша алтау екен. Олардың бірі біздің Қазақстанның кең байтақ жерінде. Одан бөлек АҚШ-тың Калифорния, Мичиган құмдары, Намиб шөлі, Қытайдың құмы және Ұлыбританияның Уэльсиінде бар екен.

Жауап қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда атыңызды енгізіңіз:

- ЖАРНАМА -
- ЖАРНАМА -

Танымал

Әлемдегі ең бай адамдар үштігі

Әлемдегі ең бай адамдар үштігін білесіз бе?

Әнші құм – Қазақстанның ең ерекше жері

Қазақстандағы ең таңғажайып жердің бірі әрі бірегейі – “Әнші құм” төбесі.

Адамзат пайда болуы туралы ой-пікіріңіз қандай?

Жерде тіршіліктің пайда болуы – ең қызықты жұмбақтардың бірі. Мыңдаған жылдар бойы адамға Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы болжам қызығушылық тудырып келді әліде қызығушылық артып келеді.

Қатысты мақалалар

Корона вирусына қарсы иммундық жүйені нығайтудың 8 әдісі

Корона вирусының эпидемиясын болдырмаудағы тиімді шаралардың бірі - иммундық жүйені нығайту. Мықты иммунитет қалыптастыру үшін тұрақты және қажетті тамақтануды сақтау керек.

Экономика тірегі – өндірістік кәсіпорын (Кентау трансформатор зауыты)

Кентау трансформатор зауыты – Қазақстандағы жалғыз трансформатор шығаратын кәсіпорын. Өнімдері елімізді толықтай қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да едәуір шығарылады. SAQ Aqparat Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан өндіріс ошағының біркүндік жұмыс уақытын сізбен бөліседі.

«Компанияның құпиясы»: неге джинсы шалбарына бесінші қалта керек?

Канонға сәйкес джинсы шалбарында бес қалта болуы керек. Екі алдыңғы, екі артқы, сонымен қатар бір «қосымша» ішкі.