Microsoft компаниясының құрылтайшысы Билл Гейтс әлемнің ең бай адамдары тізімінде үшінші орынға түсіп қалды.
Қазіргі уақытта Гейтстің 106,8 миллиард доллары бар. Бұл туралы Forbes жариялады.
Ал әлемнің ең бай адамы – 112,4 миллиард доллары бар Amazon құрылтайшысы Джефф Безос.
Екінші орынға 107 миллиард доллармен Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті, француздық кәсіпкер Бернар Арно жайғасты.