- ЖАРНАМА -

Ғайып Ерен Қырық Шілтен

Қыс-2020

Түркістан облысы Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының және Ұлттық сараптама орталығының Түркістан қалалық бөлімшесінің мамандары қала...

Ковид-19 адамдарға дұрыс тамақтануды үйретті

Көп бөлігі әйелдерден құралған 11 мыңға жуық тұтынушы арқылы 11 елде жүргізілген зерттеу нәтижесі эпидемия кезінде көкөністер мен жемістердің көп сатылғандығын, дайын тағамдардан көбі аулақ болғандығын және тағамды ысырап етпегендігін көрсетті.

Грета Тунберг Pearl Jam рок-тобының клипінде

АҚШ-тың Pearl Jam музыкалық тобының ретроградтық әнінің мультипликациялық клипінде 17 жастағы швед климатының белсендісі Грета Тунберг, тротуарлар мысалында климаттың өзгеруі туралы ескертулер жасады.

Covid-19-бен күреске 3 триллион доллар

Демократтардың бақылауындағы Өкілдер палатасы корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы 3 триллион долларлық экономикалық қолдаудың жаңа пакетін мақұлдады.

Ұлы мемлекетіміздің тарихын ұлықтау қажет

Ежелгі Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы ретінде, орта ғасырда ұлы далатөңірегінде Шыңғыс ханның ұйыстыруымен көшпелі түрік тайпалары бір тудың астына біріккені баршаға мәлім....
- ЖАРНАМА -

Тамырын тереңге тартқан сондай киелі орындардың бірі – Түркістан облысы,Төле би ауданы,Қазығұрт тауы баурайында орналасқан «Ғайып Ерен Қырық Шілтен»атты киелі жерді айтуға болады. Шежірелі өлкенің ғажайып әлеміндегі бейнелер мұсылман қауымын желеп-жебеп,қолдап жүретін әулие-пір болмысында бедерленеді. Киелі мекеннің тарихы туралы аңыздарға үңілсек. Баяғы өткен заманда Шілтен деген әулие кісі болыпты. Құдайға құлшылық жасап жүрген, істеген ісі ақ, көңілі сүттен пәк, ниеті адал, сөзі түзу адал адам екен. Бір күні жолаушылап келе жатып,қасындағы қырық кісімен бірге Қазығұрт тауының етегіне келіп түседі. Дәм татып, дем алғаннан кейін бесін намазын оқуға кіріседі. Намаз оқылып жатқан кезде таудан түскен қарақшы дұшпандар әулиені серіктерімен қоса өлтірмекке бекініп, тап береді. Шілтен мен қасындағы қырық жолдасы намаздарын бұзбай оқи береді.Намаз үстінде әулие жаратушыдан:

 «Иә,Құдайым,бізді жау қолына түсіре көрме,одан да тас мүсінге айналдыра көр!» деп тілейді. Жарықтық Шілтеннің тілегі қабыл болып, серіктерімен бірге тасқа айналып, қатып қалады. Содан көпшілік бұл жерді Ғайып Ерен Қырық Шілтен әулиенің жері деп атап кетеді.

 Ғайып Ерен Қырық Шілтеннің босағасынан аттағаннан кейін қасиетті тұт ағашына тоқтайсыз. Бұл жерден тамырланып өсетін жеміс-жидек, дән-дақылсыз адамзаттың күн көруі мүмкін емес екенін білдіреді екен. Содан кейін жоғары өрлеп, биіктігі он метрге жуық, ұзындығы жиырма метрдей, бастары шығысқа қарай ұйысып жатқан Ата мен Ана деген екі алып тас бар. Бұл жер дауыл, от, суға шыдамды, әйел затының пірі, қорғанышы. Ата Ананы қорғап тұр. Тастағы мың сан тесіктер Ананы оттан, судан қорғаған Атаның қырық тесік шапанын білдіреді. Ал Ана – үй үшін жаралған, ана – от басы, ошақ қасына байланған. Ананың бауыр жағында төрт бөлікке бөлінген қазаннан аумайтын белгі бар. Бұл – «Төрт құбыла түгел, төрт түлігіміз сай болсын, қора малды болсын!» деп тілек тілейтін жер. Ананың шарасы, нәрестесі, сүті, қамыры белгілері, бәрі де – киелі орынның қасиетін арттырып тұр.

Ғайып Ерен Қырық Шілтен әулие жайлы халық арасында «Жапсарлас тұрған екі алып тастың арасынан адамдар өтеді екен. Күнәсі қыруар пенде тас арасында қысылып қалып, күнәсі аздар өтіп кетеді. Тас арасынан жылан, арыстан секілді қорқынышты елестер көрінуі мүмкін, қысылып қалғандар құрбандыққа мал атап, әрең босайды екен» деген аңыз бар. Бұл киелі жердегі ең негізгі зиярат рәсімінің бірі Ата және Ана аталатын бір-біріне сүйеніп тұрған екі алып жартастың арасынан тілді кәлимаға келтіріп, оң жақ иықты алға салып бір қырымен өту болып саналмақ. Алғаш келген кісі атаның қолтығынан өткені дұрыс. Себебі ата жолы – үлкен. Көпшілік негізінен осы тастың алдына зиярат жасап түнейді. «Ата мен Ана тасы арасынан өтейін, бойымдағы ауыртпалығымнан сейілейін!» деп, ниет етіп шыққан кісілер ғана тастар арасындағы ғажайып жайдан еркін өтеді. Мұнда келушілер көңілінде жүрген тілектерін іштей айтып, тілін кәлимаға келтіріп, оң жағымен бір қырындай өтеді.

  Кей аңызға сүйенсек,ол арабтың ғұламасы әл-Ғазалимен тікелей байланысты. Әл-Ғазали Үндістаннан араб елдеріне білім іздеп шыққан сәтте, ол мінген керуенге қырық қарақшы жолығып, ақша талап етіпті. Жолаушылар бар қаржысын жасырып бақса, әл-Ғазали анасы берген тиынның бәрін қарақшыларға санап беріпті. Баланың бұл ісіне таңырқаған қарақшылар себебін сұрағанда, әл-Ғазали анасының «Құдайдан қорық,адалдан мал тап”деген ақылын айтыпты. Қарақшылар баланың тегін емес екенін байқап, тартып алған ақшасын қайтарып беріп, бата сұрайды. Батадан соң, қарақшылар құсқа айналып, жоғарыға ұшып кетіпті. Содан бастап ол жер «Ғайып Ерен Қырық Шілтен»деп аталыпты. Оларға Алла тағала тарапынан қиын-қыстау жағдайға ұшыраған мұсылмандарға көмектесу міндеті тапсырылған сынды.

 Бұл киелі мекенде бір-біріне қарама-қарсы үш бұлақ пайда болады.Үшеуінің дәмі де, емі де үш түрлі. Біреуі іш ауруына, екіншісі көз ауруына, үшіншісі құлақ ауруына шипа дәру.

Ол жерде 15 метрге ие, екі үлкен жартас орналасқан. Екі жартастың жарғабақтан түсу арқылы адам өтетін жол пайда болған. Екі тастың арасы шамамен 20-30 см қашықтықта. Пейілі таза адамдар еш қиналмай өткен сәттерде болады.Бұл жерге зиярат етіп келген адамдарға фото,видео түсірілім жасауға тиым салынған.

 Бүгінде қасиетті жеріміз бізге рухани күш-қуат беретін қалқанымыз ғана емес, түрлі ауруға шипа беретін таптырмас орын. Халқымызда «Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Назарыңды салып өт. Тар жол тайғақ кешуде, Жәрдемдесіп алып өт”деген сөз бар. Бұл киелі жерге жұртшылық тәу ету арқылы жаратушыдан медет тілеп келеді. Қазіргі таңда алыс-жақын Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан,Түрікменстан сияқты көршілес елден келуші туристердің саны артуда.

Жауап қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда атыңызды енгізіңіз:

- ЖАРНАМА -
- ЖАРНАМА -

Танымал

Әлемдегі ең бай адамдар үштігі

Әлемдегі ең бай адамдар үштігін білесіз бе?

Әнші құм – Қазақстанның ең ерекше жері

Қазақстандағы ең таңғажайып жердің бірі әрі бірегейі – “Әнші құм” төбесі.

Адамзат пайда болуы туралы ой-пікіріңіз қандай?

Жерде тіршіліктің пайда болуы – ең қызықты жұмбақтардың бірі. Мыңдаған жылдар бойы адамға Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы болжам қызығушылық тудырып келді әліде қызығушылық артып келеді.

Қатысты мақалалар

«Өлімнен ұят күшті»: Хайрулла Байділдаұлы

Түркістан облысы Кентау қаласының қарқынды дамыған өндіріс ошағы - «Кентау трансформатор зауыты»-на "SAQ" арнайы атбасын бұрып, Басқарма төрағасымен еркін форматта сұхбаттасқан болатын. Назарларыңызға Қожабаев Хайрулла мырзаның ұтқыр ойы мен Қазақстан жастарына үндеуін ұсынып отырмыз.

Тоғызқұмалақ – табиғат пен болмыс

Мақсат Есенбекұлы Шотаев - Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-Президенті Тоғызқұмалақтан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Төрт мың жылдық Түркі ойыны: Тоғызқұмалақ

Әбдуақап Қара - тарихшы,ғалым, Түркияның Мимар Синан университетінің профессоры