- ЖАРНАМА -

Тоғызқұмалақ – табиғат пен болмыс

Ковид-19 адамдарға дұрыс тамақтануды үйретті

Көп бөлігі әйелдерден құралған 11 мыңға жуық тұтынушы арқылы 11 елде жүргізілген зерттеу нәтижесі эпидемия кезінде көкөністер мен жемістердің көп сатылғандығын, дайын тағамдардан көбі аулақ болғандығын және тағамды ысырап етпегендігін көрсетті.

Грета Тунберг Pearl Jam рок-тобының клипінде

АҚШ-тың Pearl Jam музыкалық тобының ретроградтық әнінің мультипликациялық клипінде 17 жастағы швед климатының белсендісі Грета Тунберг, тротуарлар мысалында климаттың өзгеруі туралы ескертулер жасады.

Covid-19-бен күреске 3 триллион доллар

Демократтардың бақылауындағы Өкілдер палатасы корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы 3 триллион долларлық экономикалық қолдаудың жаңа пакетін мақұлдады.

Ұлы мемлекетіміздің тарихын ұлықтау қажет

Ежелгі Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы ретінде, орта ғасырда ұлы далатөңірегінде Шыңғыс ханның ұйыстыруымен көшпелі түрік тайпалары бір тудың астына біріккені баршаға мәлім....

Вируспен қоштасайық

Тигізбеді зиянын вирус кімге?Қорқынышпен күйзеліп күй кештің бе?Сақтанып үйден шықпай, дұға тіле,Сонда ғана бұл тұмау тимес мүлде.
- ЖАРНАМА -

Мақсат Есенбекұлы Шотаев – Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-Президенті, Тоғызқұмалақтан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Кентау қаласында туып-өскен жансыз. Қаланың гүлденген дәуірін де, қаңырап бос қалған сәттерін де көзіңізбен көрдіңіз. Қазіргі Кентау қаласының қайта түлеуіне көзқарасыңыз қандай?

  • Менің балалық шағым өткен 1980 жылдары Кентау қаласының аты дүрілдеп тұрған уақыт болатын. Оны «Қаратау тәжі» – «Кішкентай Париж» деп атап жататын. Уақытымыз оқу-біліммен көп өтті. Парк жақсы жұмыс істейтін. Қазір біраз тоқырап тұр. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Кентау қаласының басқа одақтас мемлекеттермен байланысы үзіліп қалды. Трансформатор, экскаватор зауыттары жұмысы тоқтады. Оның барлығы халыққа қатты әсерін тигізді. Жұмыссыздық жайлады. Ең алғашқы Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның экономикасы өте нашар болғанын білеміз. Төл ақшамыз болғаны жоқ. Мұның барлығы қала халқының өз мекенін тастай, басқа елдерге, алыс-жақын қалаларға жұмыс іздеп кеткені бар. Сол кездері 5 мың теңгеге бір үйді сатып алуға болатын. Үйлер керек емес болды. Қоныста қалған халық қарасы азайды. Тіпті, өмір тоқтады десе де болғандай. Ол – 1994-95 жылдарында. Көпқабатты үйлер бұзылды. Тұрғынжайлардың есік-терезесі, құрылысына қолданылған материалдары тоналды. Енді ғана экономикасы аяғына тұрып, шет ел инвесторларын тартып, бұрынғы тоқырауға ұшыраған экскаватор және трансформатор зауыттары, жартылай жұмысын жасаса да, іске қосылып отыр. 30 шақырым жердегі Түркістан қаласына облыс атауы және орталығы статусы берілгелі оның шарапаты Кентау қаласына да тиіп жатыр. Тұрғын үйлер қайта жөнделіп, оның жаңасы салынып жатыр, түрленіп жатыр. Енді алдағы уақытта қайта бұрынғыдан да керемет қала болады деген ойдамын.

Сіз Тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері екенсіз. Қазақтың ұлттық ойнының осы түріне қазіргі жасөспірімдердің, жастардың көзқарасы қандай? Бұл ойын несімен қызықтырады?

  • Тоғызқұмалақ – көшпелі халықтардың табиғат пен болмыс туралы ойларының ереже түрінде жинақталған көрінісі. Ол – біздің дүниетанымымыз, біздің салт-дәстүрлеріміздің негізінде дүниеге келген ойын. Оның барлық ережелері көшпелілердің өмірінен алынған. Мысалы, бірінші бастап жүргенде солдан оңға қарай жүресің. Біз оңға қарай бағыт ұстаймыз. Екіншіден әр жүрісте өз орнына бір құмалақтан тастайсың. Яғни, бізде оны қарашаңырақ дейді. Үй кенжесі сол шаңырақта қалады. Жұп болған жерде табыс. Біз жұптасып өмір сүреміз. Тақ болған жер табыссыз. Ол кезде ұтып ала алмайсың. Одан кейін тұздық деген ереже бар. Ол – бір отауға еге болу дегенді білдіреді. Ерлі-зайыптыларды сақтап қалу үшін, ортасында ұрпақ болуы керек. Тұздық деген – қарсы тараптағы үш құмалақты орнынан ала аласың. Тек тоғызыншы отаудан тұздық ала алмайсың. Оның аты – Маңдай. Маңдайға «Х» белгісі қойылмайды. Мұның барлығы біздің салт дәстүріміздің негізінен алынған.

Оқи отырыңыз:

Төрт мың жылдық Түркі ойыны: Тоғызқұмалақ
  • Ендігі мәселе қазіргі жасөспірімдерді қалай үйретуге болады? Бұл – күрделі мәселе. Ол үшін ата-ана мен баланың арасында керемет байланыс болуы қажет. Мысалы, қазір ата-аналар балам тыныш болсын деп қолына телефон ұстата салады. Одан бала түрлі ойындарды виртуалды түрде ойнайды. Тоғызқұмалақтың да онлайн ойнауына мүмкіндік бар , бірақ одан бала өспейді. Оның миы да өспейді, керісінше өшеді. Яғни, телефон ойындарының баланың жан-дүниесіне тигізетін зияны орасан. Бірқатар мемлекеттерде, Жапон елінде балаға он бес жасына дейін телефон ұстатуға тиым салып жатыр. Себебі ғылыми түрде ұялы байланыс құралдарының баланың ми талшықтарына, зейініне тигізер зияны нақты дәлелін тапты. Ал тоғызқұмалақ ойны баланың оң және сол жақ ми бөлімдерін айтарлықтай дамытуға үлкен үлес қосады. Мысалы, шахматтың оң жақ ми бөлімін дамытуға шамасы жетпейді. Ал ұлттық ойнымыз баланың ақыл-ойын шыңдайды. Баланы бірінші қызықтыру қажет. Кейін оған баланың санасы әдеттенеді. Оны мектептен бұрын ата-анасы балаға үйретіп, өзі ойнап, ынталандырып жүрсе ғана ойынға зейні артады. Бұл ойын – жасөспірімдердің қабілеті мен қасиетін анықтайтын құрал.

Қазіргі таңда тоғызқұмалақ және басқа ойындар мектеп қабырғасындағы ойын клубтарында, үйірмелер бойынша дәріптеледі. Оның үлесі қандай?

  • Назарбаев мектептерінде тоғызқұмалақ ойны аптасына бір рет сабақ түрінде оқытылады. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық ойындарға ерекше көңіл бөліп келеді. Түрлі іс-шаралар, республикалық, халықаралық тоғызқұмалақ ойындарын ұйымдастыруға қолғабыс танытып келеді. Мектептерде, қала, аудан, облыстық, республикалық тоғызқұмалақ жарыстары жыл сайын өткізіледі. Осы байқаулардың жеңімпазы халықаралық дәрежеде мемлекет намысын қорғауына мүмкіндік туады. Бұл – бірінші ынталандыру. Екінші – жүлде қорлары кең көлемде. Үшінші – спорттық атаққа ие бола алуы. Республикалық, Халықаралық дәрежедегі «Спорт шебері» деген секілді. Олардың өзіндік алатын стипендиясы да бар. Қазіргі жоғарғы оқу орнының стипендиясынан екі есе көп қаржы алуға болады. Халықаралық шебер атанып жатса, тіпті төрт есе. Сонымен қатар жұмыс та істейді. 0.25 бірлік бойынша, аптасына 3 күн жұмыс жасап,бір жарым-екі сағат істеп, 60 мыңға дейін жалақы алуына жағдай жасалған. Сондай-ақ шетелдерге шығу мүмкіндігін сыйлайды бұл ойын. Мұның барлығын балаға айтып, ынтасын ояту қажет.

Тоғызқұмалақ ойны патенттелген бе?

  • Түркі халықтарының ұлттық ойындар көп. Мысалы, Түрік халқының ұлттық ойны – «Мангала», Әзірбайжандікі – «Ғы-ғы мәтәк», Қырғыздікі – «Тоғызқырғол». Ал «Тоғызқұмалақ» деп қай жерде қолданылады? Әрине, Қазақта. Тағы айта кетерлігі, біз басында бір ұлт болдық. Сақ болдық, ғұн болдық, түрік болдық. Қазақ болғанымыз ХV ғасыр. Біз Орта Азияда қалдық. Ал басқа бөлінген ұлттар жан-жаққа кетті. Сахалар Сібірге, түріктер Еуропаға деген секілді. Көбі басқа мәдениеттермен танысты, сіңісті. Бастапқы көшпелі мәдениеттен ауытқыды. Осылайша, тоғызқұмалақ ойнын ұмытып та қалды десе болады. Әзірбайжандардың ойнында отау – үшеу, түріктерде – бесеу, алтау, қазақтарда – тоғыз. Ережелер әртүрлі. Ереже 1948 жылғы Алматыдағы Тоғызқұмалақ жарысында жинақталады. Ол үшін де Алматыға осы ойынның ережесін құрастыру үшін Мұхтар Әуезов, Қалыбек Қуанышбаев, Шәкір Ибраев деген техника ғылымының докторы шақырылады. 1977 жылы Әбділдә Ақшораев «Тоғызқұмалақ» деген еңбегін жазады. Кітаптағы жазылған ережелер бүгінгі таңда қолданыста.

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы – Тоғызқұмалақ ойнының шебері болған дейді.

  • Хәкім Абай атамыз заманында тоғызқұмалақ ойнын өте жетік меңгерді. Өзі жарыс ұйымдастырды, демеуші де болды. Абай тоғызқұмалақ мектебін ашты. Ең бірінші тоғызқұмалақтың чемпионы Шорман Өтегенов сол мектептің түлегі.

Сіздің халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы атағыңыз бар екен. Шәкірттеріңіздің таланттары мен талаптарын, жетістіктерін қалай бағалайсыз?

  • Менің шәкірттерім көп. ХҚТУ-да оқып жүргенде «Тоғызқұмалақ» ойын клубы ашылды. Үйірмеден дәріс алған Ғалымжан Темірбаев Тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионы атанды. Нұржан Қонарбаев, Ербол Нұрханов деген шеберлер де шықты. Оларға мектеп кезінде сабақ берген болатынмын. Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында да мықты жас шәкірттерім бар. Гүлнар Базаралиева, Зікірәлив Берғали деген жастар Халықаралық спорт шебері атанды. Олар сондай-ақ Мангала ойнының әлем чемпиондары. Ал қыздар арасында бұрын Қазақстан чемпионы болмаған. Есіркеп Құндыз деген қызымыз осы титулды иеленді, әрі «Спорт шебері» атанды. Аты аталған, аталмай қалған шәкірттерім бүгінгі күні Тоғызқұмалақты әлем деңгейінде танытуға білек сыбана дайындалып жатыр. Бұл – мені қуантады,әрине.

Әңгімеңізге рахмет!

Жауап қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда атыңызды енгізіңіз:

- ЖАРНАМА -
- ЖАРНАМА -

Танымал

Тоғызқұмалақ – табиғат пен болмыс

Мақсат Есенбекұлы Шотаев - Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-Президенті Тоғызқұмалақтан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Коронавируспен күресте 1918 жылғы Испан тұмауынан үйренеріміз не?

Әлемде шамамен 1 миллион 300 мың адамға жұққан және 70 мыңнан астам адамды өлтірген корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы вакцина әзірленген жоқ.

Неліктен өлімші вирустар жарқанаттарда пайда болады?

Жарқанаттар жақында пайда болған және жануардан адамға берілетін көптеген аурулардың негізгі себебі болып саналады. Неліктен өлімге әкелетін вирустар сол жануарда пайда болады?

Қатысты мақалалар

«Өлімнен ұят күшті»: Хайрулла Байділдаұлы

Түркістан облысы Кентау қаласының қарқынды дамыған өндіріс ошағы - «Кентау трансформатор зауыты»-на "SAQ" арнайы атбасын бұрып, Басқарма төрағасымен еркін форматта сұхбаттасқан болатын. Назарларыңызға Қожабаев Хайрулла мырзаның ұтқыр ойы мен Қазақстан жастарына үндеуін ұсынып отырмыз.

Төрт мың жылдық Түркі ойыны: Тоғызқұмалақ

Әбдуақап Қара - тарихшы,ғалым, Түркияның Мимар Синан университетінің профессоры

Ғайып Ерен Қырық Шілтен

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы тылсым тарихтан сыр шертеді. түрлі Біз – ұлан-ғайыр жерімен аса бай рухани тарихы бар елміз.