- ЖАРНАМА -

«Өлімнен ұят күшті»: Хайрулла Байділдаұлы

Ковид-19 адамдарға дұрыс тамақтануды үйретті

Көп бөлігі әйелдерден құралған 11 мыңға жуық тұтынушы арқылы 11 елде жүргізілген зерттеу нәтижесі эпидемия кезінде көкөністер мен жемістердің көп сатылғандығын, дайын тағамдардан көбі аулақ болғандығын және тағамды ысырап етпегендігін көрсетті.

Грета Тунберг Pearl Jam рок-тобының клипінде

АҚШ-тың Pearl Jam музыкалық тобының ретроградтық әнінің мультипликациялық клипінде 17 жастағы швед климатының белсендісі Грета Тунберг, тротуарлар мысалында климаттың өзгеруі туралы ескертулер жасады.

Covid-19-бен күреске 3 триллион доллар

Демократтардың бақылауындағы Өкілдер палатасы корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы 3 триллион долларлық экономикалық қолдаудың жаңа пакетін мақұлдады.

Ұлы мемлекетіміздің тарихын ұлықтау қажет

Ежелгі Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы ретінде, орта ғасырда ұлы далатөңірегінде Шыңғыс ханның ұйыстыруымен көшпелі түрік тайпалары бір тудың астына біріккені баршаға мәлім....

Вируспен қоштасайық

Тигізбеді зиянын вирус кімге?Қорқынышпен күйзеліп күй кештің бе?Сақтанып үйден шықпай, дұға тіле,Сонда ғана бұл тұмау тимес мүлде.
- ЖАРНАМА -

Қожабаев Хайрулла Байділдаұлы

«Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген машина жасаушысы» құрмет марапатының иегері,  «Бауырмал» сыйлығының лауреаты, Executive MBA магистрі.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ тарихынан қысқаша баяндай өтсеңіз.

  •  Акционерлік қоғам 1959 жылдан бері Кентау қаласының қалыптасуына ықпал етуші және тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанға белгілі алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының бірі болып табылады. Осы жылдар ішінде қала тұрғындарын тұрақты жұмыс орнымен және жоғарғы еңбекақымен қамтамасыз етіп келеді. Алғаш кәсіпорын ашылғанда жұмысшылар саны 45 адамды құрады. Ал 90-шы жылдары кәсіпорында 700 – дей адам жұмыс жасаған. 1997 жылы зауыт толықтай банкротқа ұшырап, жұмысы тоқтап қалған кезде жалпы акционерлер жиналысында зауыттың бас директоры болып Сайдулла Қожабаев сайланды. Осы кезден бастап зауыттың дамуында жаңа кезең басталды. Қазіргі таңда зауытта 1252 адам жұмыс жасайды. Орташа айлық жалақы 180 мың теңгені құрап отыр. 20-дан астам ұлт өкілдері кәсіпорында бірлесіп жұмыс атқарып келеді.

Зауыт 90-шы жылдардағы дағдарыстық жағдайынан қалай шықты?

  • Сайдулла Қожабаев бас директор лауазымын зауыттың ең қиын, дәрменсіз қалған кезеңінде атқарды. Тұтынушыларға үш фазалық трансформаторлар мен жиынтық трансформатор қосалқы стансаларын шығаруға, яғни зауыт үшін дәстүрлі номенклатура бойынша тапсырыстар алынып, келісім-шарттар жасалды. Директордың жеке бастамасымен қысқа мерзім ішінде жаңа бұйымдар: НТМИ-10, ЗНОМ-35 типті кернеулі өлшем трансформаторлары, УКЗВ және УКЗН типті мұнайгазқұбырларын катодты қорғанысы үшін бөліп тұратын құрылғылар, мұнайшылар үшін КТПН типті жиынтық қосалқы стансалары жасалды. Осылайша нарық сұранысына орай, өнімнің жаңа түрлерін тез арада игерудің арқасында, дағдарыс кезеңінде ұжымды Сайдулла Қожабаев өзінің іскерлігінің және жеке ерлігінің арқасында аман алып шықты десек болады.

Қазіргі зауыттың жай-күйі қалай?

  •  Осылайша 2000 жылдан бастап зауытта жаңа техникалық қайта жабдықтау басталды, бұл үрдіс зауыттың барлық цехтары мен бөлімдерінде жүргізілді. 2000-2011 жылдары аралығында Германия, Италия, Австрия, Бельгия, Қытай және ТМД елдерінен 12 млрд. теңгеден аса жаңа жабдықтар сатып алынды. Жалпы зауытта жабдықтар 93% жаңартылды. Бүгінде зауыт Қазақстан экономикасын дамытуда елеулі үлес қосып келеді. Зауыт бұйымдарының номенклатурасында соңғы жиырма жыл ішінде жаңа талаптарға сай бес жүзден астам бұйым түрлері игерілген. Жаңа технологияларды игеру сапа жүйесін ISО-15000 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификаттауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда өзінің өндірістік жүйесін жапонның Тойота компаниясының «Кайдзен» басқару жүйесімен үйлестіріп тоқтаусыз үш аусыммен жұмыс жасап келеді.

  Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-мен қандай байланыстарыңыз бар?

  • 2018 жылдан бастап, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасиловтың тікелей тапсырмасымен, әрі біздің сұранысқа орай, білім мен ғылымды және өндірісті байланыстыру мақсатында білім ордасының «Инженерия» факультетін Түркістан қаласынан Кентау қаласына көшірді. Бұл факультетте 400-ге жақын студент бүгінде дуальді жүйемен білім алуда. Ол жерге зауыт тарапынан 42 млн. теңге тұратын екі арнайы Зертхана және құны 10млн. теңгені құрайтын үлкен LED – экран алып қойып бердік. Яғни, университет қабырғасында сапалы теориялық білім алса, біздің өндірісте практикалық тәжірибеден өтетін болса ол студенттерді бізге зауытқа 100% жұмысқа қабылдаймыз деп кепілдік беріп отырмыз. Сол үшін біз осы факультеттің материалдық базасының, кітапхана қорының күшеюіне және ондағы білім беретін ұстаздардың кәсіби деңгейіне әрдайым көңіл бөлетін боламыз. Студенттердің практикалық жұмысының қаржысын да төлейтін боламыз. Әрине, барлығына емес. Өз идеясы, ынтасы, жауапкершілігі, талабы мен таланты бар, үлгерімі жоғары студенттер ғана арнайы стипендия иегері бола алады. Біз студенттерді қолдауға әрқашанда дайынбыз! Бізге жас мамандардың өз ойы, білімі, жаңа жобалары аса қажет. Сол себепті де университетпен қоян қолтық жұмыс атқарудамыз. Бүгінде университеттің «Инженерия» факультеті орналасқан ғимарат маңында 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастап кеттік. Шілде айында іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Жобаның жалпы құны 700 млн. теңгені құрайды. Мақсатымыз шет елден келген немесе өзіміздің еліміздегі білікті мамандар, ұстаздарды, оқытушыларды шақыртып, университеттің инженерия факультетінде оқып жүрген студенттерге дәріс беруі үшін уақытша қоныс ретінде дайындап жатырмыз. Түркістан қаласының облыс орталығы болуына байланысты бұл өңірдің перспективасы күннен күнге маңыздылығы жоғарылай береді. Қазір Түркістан мен Кентау аумағында еркін экономикалық аймақ құрылды. Сол аймақта көптеген зауыт фабрикалар салынады деп күтілуде. Бізде сол жерде оншақты ірі жобаларымызды іске асыруға дайындалу үстіндеміз. Тек біздің компанияға 2000 дай білікті мамандар қажет. Біз оларды шет елден тасымаймыз ғой. Өзімізден, яғни осы өңірден дайындап, жұмысқа алуымыз керек. Сол арқылы экономикамызға сүбелі үлес қосамыз деген ойдамыз.

Өндіріс ошағындағы жастардың үлесі қандай? Кәсіпорын жастарға қандай қолдау танытып келеді?

  • Біздің ұжымның 60%-ын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Кәсіпорында жас мамандарды қолдау мақсатында құрылған «Жас Лидерлер клубы» жұмыс атқарады. Клуб мүшелері бірлесіп, зауыттың болашақта дамуына әсер ететін жүзеге асырылуы мүмкін жобаларын талқылайды. Клуб аясында белсенділік танытқан жастарды біз зауыттың басқарушылар кадрлық резервіне кіргіземіз. Болашақта оларды әртүрлі жобаларға қатыстыртып, жетекші маман ретінде дайындап, олармен жүйелі түрде жұмыс жүргіземіз. Осы жастарға арнайы біліктіліктерін арттыру мақсатында әлемнің ең үздік жүз кітабын да сатып алып бергенбіз. Осылайша өз кітапханамызды да қалыптастырудамыз. Оқылған кітаптарынан анализ жасап, қысқаша презентация жасап, жастар өз жобаларын басшылық алдында қорғайды. Ол жерде тұщымды ойлары болса біз оны міндетті түрде өндірістік жүйемізге енгізіп отырамыз. Тіпті ынталандыру мақсатында ақшалай сыйақы да тағайындалған. Сонымен қатар, жазғы және қысқы демалыстарында жастар үшін «Тимбилдинг» ұйымдастырамыз. Табиғат аясында ұжымішілік командалық жарыстар ойындар өткізіледі, ән айтады, демалады. Жыл сайын спорттық спартакиадалар да ұйымдастырып отырамыз. Апта сайын жастар өздері ұйымдастырып бірге футбол ойнайды. Футболдан зауытта 14 командамыз бар. Басқа да спорт түрлерінен өткізілетін іс-шараларға арнайы қаржылай сыйақы да тағайындаймыз. Әрине мұның барлығын болашақ мамандардың білікті де білімді болуы үшін жасап жатырмыз. Болашақ бүгіннен басталады! Сол себепті де, бүгіннен бастап жоспарлы түрде болашаққа қамданып жатқан жайымыз бар.

Жұмысшылардың тұрғынжаймен қамтамасыз етілуі қандай деңгейде?

  • Соңғы 20 жыл ішінде Кентау қаласынан қызметкерлерге 248 үй қолданысқа берілген. Ол үйлерді үстеме пайызсыз, 10 жылға бергенбіз, осы мезгіл ішінде айма ай айлықтарынан төлеп отырады. Жас мамандарды үймен қамтамасыз етіп қолдау арқылы, олардың кәсіпорында тұрақты қалып, ұзақмерзімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеміз. Егер ұжым ішінде жұптарын тауып үйленсе, оларға кәсіпорын атынан 500 мың теңге сыйақы да беріледі. Сондай-ақ биыл қызметкерлерімізге 500 орындық жатақхана құрылысын бастап еттік. Жалпы құны 1 млрд. 200 мың теңгені құрайды. Жатақхана құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта кәсіпорынның жеке медициналық орталығын ашамыз деп, Кентау қаласының орталығынан арнайы 3 қабатты ғимарат сатылып алынып құрылыс жобасы әзірленуде.

Кентау трансформатор зауыты – Қазақстандағы өндіріс ауқымы кең зауыт. Өнімдері елімізді толықтай қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да едәуір шығарылады. Енді отандық өнім әлемдік бренд маркасы болуға мүмкіндігі бар секілді.

  • Әрине, өткен 2019 жылғы өндіріс көлемі 28 млрд. теңгені құрады. Кәсіпорын өзінің 60 жылдық тарихында бірінші рет осындай рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Өнімнің 40% -ын Чехия, Латвия, Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Моңғолия елдеріне экспорттаудамыз. Бұл үлкен жетістік! Мұнай секторында «ТШО – ТеңізШеврОйл», «КПО – ҚарашығанақПетрОйл», «NCOC – Қашаған» сынды ірі жобалармен соңғы бес жылда тұрақты түрде жұмыс істеп келеміз. Бір айта кетерлігі, бұл жобалардағы барлық келіссөздер, документтер ағылшын тілінде жүргізіледі. Ол үшін ағылшын тілін меңгерген мамандарымызбен «Жобалық офис» жобаларды басқару форматында арнайы бөлім құрғанбыз. Тапсырысқа байланысты сапасы өте жоғары жаңа өнімдерді өндіріске дайындап отырады. Жыл сайын біз трансформаторлардың 40-тан аса жаңа түрлерін өндіріске енгізіп отырамыз.

Кәсіпорынның даму көрсеткіші қандай?

  • 1 трансформатор жасау үшін мыңнан аса детальдар қажет. Қазақстаннан бөлек Ресей, Венгрия, Түркия, Германия, Қытай сынды мемлекеттерден сатып алынған материалдардың 84%-ы өндірісімізде қайта өңдеуден өтеді. Ал барлық материалдардың 60%-ы отандық. Сондай-ақ біздің құралдарымыздың барлығы дерлік жаңа технологияға негізделген. Биыл біз үлкен жобамыздың бірін іске асырмақшымыз. Ол үшін біз екі Робот сатып алдық. Бірі – Робот-дәнекерлеуші, екіншісі – Робот жинаушы. Екеуінің жалпы құны 1 млрд. теңге, 50% мемлекеттік грант. Екі робот жүз адамның еңбек күшін алмастыруға қауқарлы. Роботтардың бірі Жапонияның «Yaskawa» компаниясының өнімі, екіншісі «Tuboly» деген Швейцария компаниясының өнімі. Олардың басқа ешбір елде аналогы жоқ. Тек бізде ғана болады. Олар біздің инженерлердің арнайы тапсырысымен жасалған. 

Жастарға айтар ағалық ақылыңыз бен тәжірибе жинақтай отыра тоқтамға келген ойыңызбен бөліссеңіз.

  • Мен үшін адаммен адамның айырмасы оның денсаулығы мен білімінде. Денсаулығы дейтінім оның денінің саулығы, қабілеті, мінезі, күш қайраты, еңбекқорлығы, табиғи жігері. Білімі дейтінім оның оқыған кітабы, ғылымы, алған тәрбиесі, өскен ортасы, фәлсафасы өмірге көзқарасы. Алайда мынаны жастардың санасына ұяласа деймін. Жалпы, білімнің өлшем бірлігі жоқ! Бірнәрсені білмеу – ұят емес! Білмейтін нәрсесін білемін деп беті қызармай өтірік айту – ұят! Қазақ бекер айтпайды «Өлімнен ұят күшті» деп. Осыны есте ұстаған лазым. Бұл өмірде күшті, мықты, сәтті адам болғың келеді ме? Осы сұрақты әр адам өзіне қоя білуі керек. Бұл өте маңызды! Ол үшін әр адам өзінің әлсіз (кемшілік) тұсын білуі қажет. Соны өзі әуелі мойындауы керек. Мысалы сенің әлсіз тұсың ағылшын тілін білмеуің делік. Ағылшын тілін меңгеруді өзіңе мақсат етіп қой. Соған жоспар құр. Өзіңмен жүйелі түрде жұмыс жаса. Мінезіңде табандылық болсын. Күнде ағылшын тілінде он сөзден жатта, сөйтіп сөздік қорыңды күшейт. Аз уақыттан кейін сенің ағылшыншаң мықты болады. Осылайша сен әлсіз жеріңді күшті жеріңе айналдырасың. Өз кемшілігін мойындау – ең үлкен жеңіс! Одан кейін қоршаған ортаңмен жақсы қарым-қатынас жасай білу – аса маңызды. Байқасаңыздар, көп адамдар құр қиялымен өмір сүреді. Олай болмайды. Қиял дегеніміз логикасы жоқ орындалмайтын түсініксіз абстракция. Ал енді арман ол бөлек. Арман – ол білген адамға логикалық алгоритмі бар түбінде орындалатын нәрсе. Онсыз адам қанатсыз құспен тең. Арманың болса, оны мақсатқа айналдыра біл. Мақсатың жүзеге асуы үшін жоспар құр. Жоспарсыз іс – түбі соқпаққа соқтырады. Оның дұрыс әрі тиімді болуы – жетістіктердің кепілі. Жастар өз уақыттарын дұрыс пайдалана білгені абзал. Уақыт өте қысқа екенін есте ұстауы керек. Ешкім де аяқасты жетістікке жеткен емес. Стив Джобс бір сәтте Айфонды ойлап тауып па? Илон Маск бір сәтте Тesla сынды машиналарды, ғарышты зерттейтін қондырғыларды жасап па? Жоқ, олар бірінші армандады, алдарына мақсат қойды, жоспарлы жұмыс атқарды, әрі әлемге танылды. Алысқа кетпей-ақ, осы зауыттада белгілі жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар бар. Мысалы, Жаманқұлов Ерболсын деген жас маман машина жасау, экономика салаларында үлкен жетістіктерге ие болып жүр. Кәсіпорынға робот идеясын ойластырып, оны орнату жұмыстарына білек сыбана кірісіп жүрген де осы қызметкер, әрі «Ең үздік жас маман» иегері. Тәжібаев Әділбек, Асан Тұрар, Құлақбаев Ғалымжан сынды басқа да бірінен бірі өтетін білікті мамандарымыз өз мақсаттарына жетіп, бүгінгі күні біздің мақтанышымызға айналып отыр. Сөз соңында айтарым, адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – қандай жағдай болса да адам болып өмір сүру! Осыны ұмытпаңдар!

Сұхбатыңызға рахмет, Сізге мың алғыс айтамыз!

2 ПІКІРЛЕР

  1. Өте керемет. Елімізде осындай ірі зауыттарды ашатын, халықты жұмыспен қамтитын азаматтарымыз көп болсын.. шынымен Сайдулла, Хайрулла ағаларымыздың төккен терінің жемісі, Елімізде мақтанып айтатын зауыттардың бірі. Әрдайым жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!!!

  2. КТЗ – Қазақстандағы жалғыз трансформатор шығаратын завод. Қазақ жерінің барлық аймағын ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар экспортта жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Сонау тоқырау заманын алып шығып, зауытты, қаланы осылай көркейтіп, мыңдаған адамды жұмыспен қамтамасыз етуде үлкен жұмыс және жеңіс. Бұндай еңбектері үшін зауыттың бас директоры Сайдулла Қожабаев мырзамен, КТЗ басшысы Хайрулла Байділдаұлына, және барлық қызметкерлерге мың алғыс!

Жауап қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда атыңызды енгізіңіз:

- ЖАРНАМА -
- ЖАРНАМА -

Танымал

«Өлімнен ұят күшті»: Хайрулла Байділдаұлы

Түркістан облысы Кентау қаласының қарқынды дамыған өндіріс ошағы - «Кентау трансформатор зауыты»-на "SAQ" арнайы атбасын бұрып, Басқарма төрағасымен еркін форматта сұхбаттасқан болатын. Назарларыңызға Қожабаев Хайрулла мырзаның ұтқыр ойы мен Қазақстан жастарына үндеуін ұсынып отырмыз.

Төрт мың жылдық Түркі ойыны: Тоғызқұмалақ

Әбдуақап Қара - тарихшы,ғалым, Түркияның Мимар Синан университетінің профессоры

Eл азаматтарына мың доллардан берілмек

Қытайда басталған корона вирусы бүкіл әлемде құлдырау қаупін тудырды. Бұған жол бермеу үшін АҚШ-тағы Трамп әкімшілігі барлық азаматтарға жұмсауға мың доллардан беруді мақсат етеді.

Қатысты мақалалар

Тоғызқұмалақ – табиғат пен болмыс

Мақсат Есенбекұлы Шотаев - Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-Президенті Тоғызқұмалақтан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Төрт мың жылдық Түркі ойыны: Тоғызқұмалақ

Әбдуақап Қара - тарихшы,ғалым, Түркияның Мимар Синан университетінің профессоры

Ғайып Ерен Қырық Шілтен

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы тылсым тарихтан сыр шертеді. түрлі Біз – ұлан-ғайыр жерімен аса бай рухани тарихы бар елміз.