- ЖАРНАМА -

Неліктен өлімші вирустар жарқанаттарда пайда болады?

Жарқанаттар жақында пайда болған және жануардан адамға берілетін көптеген аурулардың негізгі себебі болып саналады. Неліктен өлімге әкелетін вирустар сол жануарда пайда болады?

Ковид-19 адамдарға дұрыс тамақтануды үйретті

Көп бөлігі әйелдерден құралған 11 мыңға жуық тұтынушы арқылы 11 елде жүргізілген зерттеу нәтижесі эпидемия кезінде көкөністер мен жемістердің көп сатылғандығын, дайын тағамдардан көбі аулақ болғандығын және тағамды ысырап етпегендігін көрсетті.

Грета Тунберг Pearl Jam рок-тобының клипінде

АҚШ-тың Pearl Jam музыкалық тобының ретроградтық әнінің мультипликациялық клипінде 17 жастағы швед климатының белсендісі Грета Тунберг, тротуарлар мысалында климаттың өзгеруі туралы ескертулер жасады.

Covid-19-бен күреске 3 триллион доллар

Демократтардың бақылауындағы Өкілдер палатасы корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы 3 триллион долларлық экономикалық қолдаудың жаңа пакетін мақұлдады.

Ұлы мемлекетіміздің тарихын ұлықтау қажет

Ежелгі Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы ретінде, орта ғасырда ұлы далатөңірегінде Шыңғыс ханның ұйыстыруымен көшпелі түрік тайпалары бір тудың астына біріккені баршаға мәлім....

Вируспен қоштасайық

Тигізбеді зиянын вирус кімге?Қорқынышпен күйзеліп күй кештің бе?Сақтанып үйден шықпай, дұға тіле,Сонда ғана бұл тұмау тимес мүлде.
- ЖАРНАМА -

Бұрын көптеген шығындарға алып келген Эбола, SARS, Марбург, Нипа сияқты вирустардан басқа, Ковид-19 да жарқанаттарда пайда болған деп саналады.

Британдық Independent ғылым журналының e-life бөлімінде жарияланған жаңа мақаладағы жаңалыққа сәйкес, мұның себебі сүтқоректілер класында мыңға жуық түрі және ұшатын жалғыз жарқанаттардың ұшу мүмкіндігіне ие болу кезінде вирустың дамуына жол ашылады.

Басқаша айтқанда, жарқанаттардың эволюциялық процесс арқылы ұшуына мүмкіндік беретін кейбір бейімделулер олардың жоғары функционалды иммундық жүйеге ие болуына мүмкіндік береді.

Корона вирусы сандармен (Қай жас тобына көп қауіп төндіреді?)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) директоры Тедрос Адханом Гебрейюс корона вирусынан болатын өлім-жітім 3,4 пайызды құрайды деп мәлімдеді.

Алайда, бұл көрсеткіш жасына, жынысына және денсаулығына байланысты себептерге байланысты өзгеруі мүмкін.

100 мыңнан астам адамға жұққан вирус 4 мың 284 адамның өмірін қиды. Статистикаға қарасаңыз, корона вирусынан болатын өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі 80 жастан асқан адамдарды көрсетеді.

Осы жас тобында корона вирусының салдарынан өлім-жітім 14,8 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш 70 – 79 жас аралығындағы адамдар үшін 8 пайыз деп жарияланды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш 60-69 жастағы адамдар үшін 3,6 пайыз, 50-59 жастағы адамдар үшін 1,3 пайыз, 20 * 29 жастағы адамдар үшін 04 пайызды құрайды.

Статистиканы қарасақ, корона вирусынан болатын өлім-жітімнің ең төмен жас тобына 10 -19, 20 -29 және 20-39 жас топтары жатады.

Қарастырылып отырған есеп бойынша, дәл осы жас аралығы топтарының корона вирусы салдарынан өмірін жоғалтқандардың үлесі 0,2 пайызды құрайды. Басқаша айтқанда, корона вирусы бар әр 1000 жас адамның 2-і қайтыс болды.

Корона вирусы белгілі бір нәсілдерге бағытталған ба?

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, барлық нәсілдердің жеке тұлғалары SARS-CoV-2-ге қарсы тең жеке қорғаныс деңгейі қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 27 ақпанында корона вирусы шекараны білмейді, нәсілін немесе этникалық белгілерін ажыратпайды және елдердің даму деңгейімен байланысты емес деп мәлімдеді.

Еркектер арасында корона вирусының таралу қаупі көп пе?

MERS және SARS сияқты, корона вирусының жаңа түрінің ер адамдар арасында таралу қаупі әйелдерге қарағанда жоғары.

Әйелдердің аз зардап шеккен себебі – вирустық инфекцияларға аз сезімтал болуы; Оған иммунитетте маңызды рөл атқаратын Х хромосомасы мен жыныстық гормондар себеп болады деп есептеледі.

Алайда жақында Қытайда жасалған бұл зерттеу әлемнің басқа бөліктеріндегі ғылыми топтармен сынақтан өткізілмеген.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, Қытайдағы ер адамдар мен әйелдер арасындағы өлім айырмашылығы темекі шегуге байланысты болуы мүмкін.

Темекі шегушілер үшін қауіптілік жоғарырақ па?

Себебі елдерде темекі шегу әйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Мамандар темекі шегетіндерге қауіп төніп тұр дейді.

Сарапшылар сонымен қатар созылмалы бүйрек, бауыр аурулары, қатерлі ісік ауруы бар адамдар үшін қауіптіліктің жоғарырақ болатындығын ескертеді.

Корона вирусының таралу жылдамдығы қандай?

Корона вирусы MERS және SARS-тен гөрі тез таралады. Корона вирусының таралу коэффициенті 2,2 ден 3,8 аралығында болады деп айтылады.

Қай елдерде адам шығыны өте көп орын алды?

Соңғы мәліметтер бойынша, корона вирусы Қытайда ең көп өлім саны тіркелді. «Ковид-19» ауруынан өлім-жітім Қытайда 3166-ға дейін өсті.

Италия мен Иран Қытайдан кейін. Италияда корона вирусы салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 631-ге жетті. Иранда бұл сан 291-ді құрайды.

Қандай аурулар корона вирусын жұқтыру қаупін арттырады?

Корона вирусынан қайтыс болған адамдардың барлығы дерлік жұқтырған кезде басқа аурулары да бар адамдар болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Қытайдағы осы аурумен ауыратындарға жүргізген талдауына сәйкес, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, жоғары қан қысымы, созылмалы респираторлық аурулар мен қатерлі ісік ауруларына шалдыққандарға үлкен қауіпі зор.

Неліктен балаларға қаупі аз?

Коронавирустың жаңа түрінің балаларға әсері аса жоғары емес, олар қоғамдағы ең әлсіз топтардың бірі. Әзірге қайтыс болған балалар жоқ. Әрине, вирус балаларға да жұғады, бірақ ол ауруды қоздырмайды немесе аурудан өте жеңіл өтеді. Мұның себебі әлі нақты анықталған жоқ. Кейбір медициналық сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайдың себебі жас балаларда «спецификалық емес жүйе” бар.

Бала әлі де құрсақта болса, оның денесіне алғашқы микробтардан қорғайтын арнайы иммундық жүйе беріледі. Бұл тасымалдау босанғаннан кейін емшек сүтімен жалғасады.

Бұл табиғи қорғаныс ақ қан жасушаларын құрайтын макрофагтар мен табиғи өлтіруші жасушалардан тұрады. Қарастырылған ақ қан клеткалары организмге шырышты немесе тері арқылы өтетін микробтарға қарсы шабуыл жасайды. Бұл пассивті иммунитет әдетте баланы өзінің қорғаныс жүйесі қалыптасқанша қорғайды.

Әдетте балалар 10 жасқа дейін өздерінің ерекше иммундық жүйесін дамытады. Содан кейін бұл қорғаныс жүйесі өмір бойы жаңа микробтармен күрес үшін сақталады.

«Супер жұқтырушы” деген нені білдіреді?

Корона вирусы Англия, Франция және Испанияға байқаусызда таралуына себеп болған «Супер жұқтырушы” жақында 53 жастағы Стив Уолш деп аталған адамның аты жарияланды.

20-23 қаңтар күндері Сингапурда өткен конференцияға қатысқан Стив Уолш демалу үшін Француз Альпіне барған. Үйінде 11 адамға корона вирусын таратқан Уолш Лондонға келген.

Шенеуніктер Стив Уолштың 183 жолаушымен және ұшақтағы 6 бортсерікпен байланыста болғанын, Лондонға қону кезінде ауру белгілері болмағанын түсіндірді. Әлемде корона вирусын жұқтырған науқастардың саны мен өлім-жітім көбейе бастағанда жергілікті денсаулық сақтау органдарының қызметкерлерімен байланысқа түскен Стив Уолштың корона вирусын жұқтырғаны анықталды.

Британ ақпарат құралдары 2 апта бойы карантинде болған Стив Уолштың толық емделгенін хабарлады. Француз Альпілерінде Уолшпен бірге 4 адам мен бір балада корона вирусына қарсы тексерулер жүргізілгені анықталды.

Бұл адамдардың біреуі Испанияның Маджорка қаласында тұрғандығы және оның отбасында корона вирусы табылмағаны белгілі болды. Осылайша, корона вирусы Сингапурдан Англия, Франция және Испанияға таралды.

Соңғы 20 жылда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша әрбір 5 адамның біреуі корона вирусының түрлерін тезірек жұқтырады. Уолш секілді “Супер инфекция” тасымалдағыштар көпшілікпен тығыз байланыста болып, жұқпалы індеттің таралуын жиілетеді.

Бұл адамдардың қалай жұқтырғаны және оны тезірек анықтауға болатындығы әзірге белгісіз.

Корона вирусы жүктілік кезінде анадан балаға беріле ме?

«Корона вирусы жүктілік кезінде анадан балаға беріле ме?» деген сауалға жауабы табылды. Ұлыбританиядағы жетекші ғылыми мекемелердің бірі болып табылатын акушер-гинекологтардың корольдік колледжі (Royal College of Obstetricians and Gynaecologists) COVID-19 туралы есеп жариялады.

Daily Mail газеті жасаған есеп бойынша, құрсақтағы нәрестенің корона вирусын алуы мүмкін екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ екендігі айтылды.

Есепте корона вирусын жұқтырған аналардың сәбилерін емізуі арқылы вирустың балаға берілуіне ешқандай дәлел жоқ.

Дереккөз

Жауап қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда атыңызды енгізіңіз:

- ЖАРНАМА -
- ЖАРНАМА -

Танымал

Тоғызқұмалақ – табиғат пен болмыс

Мақсат Есенбекұлы Шотаев - Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-Президенті Тоғызқұмалақтан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Неліктен өлімші вирустар жарқанаттарда пайда болады?

Жарқанаттар жақында пайда болған және жануардан адамға берілетін көптеген аурулардың негізгі себебі болып саналады. Неліктен өлімге әкелетін вирустар сол жануарда пайда болады?

Коронавируспен күресте 1918 жылғы Испан тұмауынан үйренеріміз не?

Әлемде шамамен 1 миллион 300 мың адамға жұққан және 70 мыңнан астам адамды өлтірген корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы вакцина әзірленген жоқ.

Қатысты мақалалар

Қытайда жағдай керісінше

АҚШ-та және Латын Америкасында, әсіресе Еуропада корона вирусының жаңа түрлерінің (Ковид-19) өршуі байқалса, вирустың шыққан аймағы Қытайда - керісінше. Қытайда корона вирусының жаңа түрі (Ковид-19) пайда болған Хубей провинциясындағы сапарларды шектеу жеңілдетілді.

Италиядан сабақ алу керек

Гарвард профессорлары анықтаған корона вирусынан ең көп зардап шеккен елдердің бірі - Италияның індетпен күресудегі қателіктерін назарларыңызға ұсынамыз. Профессорлар қателіктерден сабақ алу қажеттігін айтады.

Польша: Ресей Екінші дүниежүзілік соғысты бұрмалап көрсетеді

Польша сыртқы істер министрлігі Ресей билігі Екінші дүниежүзілік соғысты бұрмалап көрсетіп отыр деп мәлімдеді.