- ЖАРНАМА -

Сарапшылар: 2020 – Өте ауыр жыл болады

Сом өз құнын сақтап қалғанда, теңге неге құлдырап жатыр?

Ковид-19 адамдарға дұрыс тамақтануды үйретті

Көп бөлігі әйелдерден құралған 11 мыңға жуық тұтынушы арқылы 11 елде жүргізілген зерттеу нәтижесі эпидемия кезінде көкөністер мен жемістердің көп сатылғандығын, дайын тағамдардан көбі аулақ болғандығын және тағамды ысырап етпегендігін көрсетті.

Грета Тунберг Pearl Jam рок-тобының клипінде

АҚШ-тың Pearl Jam музыкалық тобының ретроградтық әнінің мультипликациялық клипінде 17 жастағы швед климатының белсендісі Грета Тунберг, тротуарлар мысалында климаттың өзгеруі туралы ескертулер жасады.

Covid-19-бен күреске 3 триллион доллар

Демократтардың бақылауындағы Өкілдер палатасы корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы 3 триллион долларлық экономикалық қолдаудың жаңа пакетін мақұлдады.

Ұлы мемлекетіміздің тарихын ұлықтау қажет

Ежелгі Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы ретінде, орта ғасырда ұлы далатөңірегінде Шыңғыс ханның ұйыстыруымен көшпелі түрік тайпалары бір тудың астына біріккені баршаға мәлім....

Вируспен қоштасайық

Тигізбеді зиянын вирус кімге?Қорқынышпен күйзеліп күй кештің бе?Сақтанып үйден шықпай, дұға тіле,Сонда ғана бұл тұмау тимес мүлде.
- ЖАРНАМА -

 Келесі жылы еліміздің экономикасында қандай өзгерістер болатынына болжам. 

оразалы сабден

Экономист Оразалы Сәбден:

“Экономист ретінде теңгенің құнсызданып төмен құлдырағанда сомның өз бағасын ұстап тұруын айтайын. Біздің экономика Ресеймен тығыз байланысты. Ал қазіргі таңда Ресейде санкция болып жатыр. Бұдан бөлек тағы басқа шектеулерге байланысты Ресейдің экономикасы құлдырап, келесі жылы 1%-ға дейін төмен түседі.

Менің ойымша, ендігі жылы әлем бойынша кризистің екінші толқыны болады. Әлемнің жалпы табысы 2,7%-ге төмен түседі. Дәл осы құлдыраудан соң Америка 1%-ға, Еуропа Одағы 0,8%-ға түседі. Британия да осындай құлдырауды бастан кешеді. Осындай жағдайда біздің де экономикамыз кризиске сөзсіз ұшырайды. Сондықтан келесі жыл бізге өте ауыр жыл болады. 

Бұл ақпараттарды өзімнің ғылыми болжамым бойынша және әлемдік эксперттердің көзқарастарымен салыстырып айтып отырмын. Экономист ретінде әлем экономикасындағы өзгерістердің қай бағытқа бұрылатынын көріп отырмыз. 

Соммен салыстырғандағы теңгенің бір орнында тұрмай құнсыздануы тікелей елдің ішкі-сыртқы ахуалына байланысты. Біздің шет елдегі қарыз 170 млрд теңгені құрайды. Бұндай қарыз әлем бойынша ешбір елде жоқ. Ресейде де басқасында да. Біздің ұлттық табыстан қарызымыз 100% пайыздан асып кетті. Ал көрші өзбек елінде қарыз өте төмен, жоқтың есебінде. Міне, осындай факторлар теңгенің құнсыздануына әкеліп отыр. Оның үстіне біз шикізат еліміз. Ішкі өндіріс жоқ. 

Алдымызда келе жатқан қиындықтарға байланысты екі нәрсе керек. Бірі, мемлекеттік антикризистік бағдарлама ашу. Жалпы стратегиялық бағдарлама бар, бірақ антикризистік бағдарламаны көріп отырған жоқпын.

Екінші, жаңа президентіміз экономикалық үлкен реформаларға баруы керек. Сайлау жүйесін реттеу керек. Сондай-ақ, бірпалаталы парламент болуы керек деп ойлаймын. Себебі, қазір кез-келген адамнан депутатыңыз кім десе, жауап бере алмайды. Депутаттардың 50%-ын халық, 50%-ын партия сайлауы керек. Осындай көптеген түбегейлі өзгерістерге бармасақ, біздің жағдайымыз қиын болады. Ең алдымен осы екі дүниені қолға алу керек. Екеуі де өте үлкен саяси күш-жігерді талап етеді. Ал бұған президенттің саяси күш-жігері жетеді ме оны айта алмаймын”, – дейді экономист. 

дос

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім:

Теңгенің құнсыздануы екі мәселеге байланысты. Бірінші, бізде өндіріс жоқ. Тек шикізатқа байланып қалғанбыз. Біз өнім шығара алмайтын елміз. Сондықтан бізде тұрақты қаржы болмайды. Бізде отыз жыл ішінде шелек шығаратын бір өндіс орны жоқ. 

Екінші, осы қаржы институттарын ұстап тұратын жақсы мамандар жетіспейді. Қанша жылдан бері ұлттық банктің тізгінін ұстамаған адам жоқ. Бірақ өзінің теңгесін қырғыз сияқты ұстап тұра алмаса, онда жақсы маман жоқ деген сөз. Өйткені, дәл мынандай құлдырау көргенім жоқ. 5-10% құлдырауға болады, ал бізде 4-5 жыл ішінде ұлттық валютамыз 100%-ға құлдырады. Алдын-ала болжам жасайтын, әрекетке көшетін қаржы институттары жоқ. Және келесі жылы да осы жағдаймен қаламыз деген ойдамын. Бұл – биліктің кінәсі. 

Келесі жылы дәл осы жағдаймен доллар көтеріле береді. Қанша кризис деп айтқанмен Еуропа елдері өздерінің қаржылық құндылығын сақтап отыр. Біз болсақ, теңге құнсызданса, әлемдік құлдыраудан көреміз. Мен әлемдік кризис деп айтпас едім. Әлемдік дағдарыс толқын тәріздес болып отырады, бірақ басқа елдер оған алдын-ала дайындалады. Сөйтіп дағдарыстан аз шығынмен өтеді. Ал біз аяғымыз аспаннан келіп құлаймыз. Келесі жылы дәл осы жағдай сақталады. 

 Stan.kz

Жауап қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда атыңызды енгізіңіз:

- ЖАРНАМА -
- ЖАРНАМА -

Танымал

«Өлімнен ұят күшті»: Хайрулла Байділдаұлы

Түркістан облысы Кентау қаласының қарқынды дамыған өндіріс ошағы - «Кентау трансформатор зауыты»-на "SAQ" арнайы атбасын бұрып, Басқарма төрағасымен еркін форматта сұхбаттасқан болатын. Назарларыңызға Қожабаев Хайрулла мырзаның ұтқыр ойы мен Қазақстан жастарына үндеуін ұсынып отырмыз.

Төрт мың жылдық Түркі ойыны: Тоғызқұмалақ

Әбдуақап Қара - тарихшы,ғалым, Түркияның Мимар Синан университетінің профессоры

Eл азаматтарына мың доллардан берілмек

Қытайда басталған корона вирусы бүкіл әлемде құлдырау қаупін тудырды. Бұған жол бермеу үшін АҚШ-тағы Трамп әкімшілігі барлық азаматтарға жұмсауға мың доллардан беруді мақсат етеді.

Қатысты мақалалар

Неліктен өлімші вирустар жарқанаттарда пайда болады?

Жарқанаттар жақында пайда болған және жануардан адамға берілетін көптеген аурулардың негізгі себебі болып саналады. Неліктен өлімге әкелетін вирустар сол жануарда пайда болады?

Қытайда жағдай керісінше

АҚШ-та және Латын Америкасында, әсіресе Еуропада корона вирусының жаңа түрлерінің (Ковид-19) өршуі байқалса, вирустың шыққан аймағы Қытайда - керісінше. Қытайда корона вирусының жаңа түрі (Ковид-19) пайда болған Хубей провинциясындағы сапарларды шектеу жеңілдетілді.

Италиядан сабақ алу керек

Гарвард профессорлары анықтаған корона вирусынан ең көп зардап шеккен елдердің бірі - Италияның індетпен күресудегі қателіктерін назарларыңызға ұсынамыз. Профессорлар қателіктерден сабақ алу қажеттігін айтады.