- ЖАРНАМА -

Коронавируспен күресте 1918 жылғы Испан тұмауынан үйренеріміз не?

Әлемде шамамен 1 миллион 300 мың адамға жұққан және 70 мыңнан астам адамды өлтірген корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы вакцина әзірленген жоқ.

Қыс-2020

Түркістан облысы Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының және Ұлттық сараптама орталығының Түркістан қалалық бөлімшесінің мамандары қала...

Ковид-19 адамдарға дұрыс тамақтануды үйретті

Көп бөлігі әйелдерден құралған 11 мыңға жуық тұтынушы арқылы 11 елде жүргізілген зерттеу нәтижесі эпидемия кезінде көкөністер мен жемістердің көп сатылғандығын, дайын тағамдардан көбі аулақ болғандығын және тағамды ысырап етпегендігін көрсетті.

Грета Тунберг Pearl Jam рок-тобының клипінде

АҚШ-тың Pearl Jam музыкалық тобының ретроградтық әнінің мультипликациялық клипінде 17 жастағы швед климатының белсендісі Грета Тунберг, тротуарлар мысалында климаттың өзгеруі туралы ескертулер жасады.

Covid-19-бен күреске 3 триллион доллар

Демократтардың бақылауындағы Өкілдер палатасы корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы 3 триллион долларлық экономикалық қолдаудың жаңа пакетін мақұлдады.

Ұлы мемлекетіміздің тарихын ұлықтау қажет

Ежелгі Түрік қағанатының дәстүрлі жалғасы ретінде, орта ғасырда ұлы далатөңірегінде Шыңғыс ханның ұйыстыруымен көшпелі түрік тайпалары бір тудың астына біріккені баршаға мәлім....
- ЖАРНАМА -

Алайда ғалымдар экспериментальды түрде Ковид-19 науқастарын әртүрлі дәрі-дәрмектермен емдеуге тырысуда. Осыған ұқсас жағдай 1918-1920 жылдар аралығында таралған індет испан тұмауын 500 миллионнан астам адам жұқтырып, 18 айда 50 миллионға жуық қаза орын алған болатын. Сонымен, корона вирусының жаңа түрімен күресу үшін ғалымдар, саясаткерлер және жұртшылық тарихтағы ең үлкен індеттен не біле алады?

Лаура Спиннидің The Guardian газетіне жазған мақаласына сәйкес, әлемдегі пандемиялардың барлығын мұқият зерттегенде, олардың бір-бірімен көптеген ортақ нүктеде ұқсастықтары байқалады.

Дағдарыс кезінде ғалымдар дәлелдемелер жеткіліксіз болып көрінсе де, жаңа емдеу тәсілдеріне қатысты этикалық шешімдер қабылдауға мәжбүр. Дүние жүзіндегі денсаулық сақтау мекемелері қазіргі уақытта Ковид-19 науқастарын емдеу үшін безгекке қарсы гидроксихлорокинді қолданып отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Бразилия президенті Джейр Болсонаро дәрі-дәрмекке деген адамдар ынтасын былай сипаттайды, адамдар оны алу үшін әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзады және орынсыз дәрі-дәрмектер қолданып өздерін уландырады.

ТАРИХ ҚАЙТАЛАНУДА

1918 жылғы тарихтағы ең қауіпті тұмау эпидемиясында
бүкіл әлемдегі дәрігерлер тұмауды емдеп жатқандығына ешқандай дәлел болмаса да, безгекке қарсы тағы бір дәрі – хининді қолданды.

Препарат пациенттерге көптеген жанама әсерлерін тигізді, өлімге де әкелді. Ұлыбританияның испан тұмауымен ауырған тәжірибесін түсіндіретін «Энцамен бірге өмір сүру» кітабының авторы Марк Хонингсбаум лондондықтардың сарапшылардың тұзды сумен тамақты шаю керек деген кеңесіне құлақ аспай, операциялық бөлмелерді толтырғанын мәлімдейді.

Ғалымдар дәлелдемелер негізінде шешімдер қабылдайды.

Дағдарыс кезінде этикалық шешімдер қабылдауға тек саясаткерлер ғана емес; ғалымдар да бұл ауыртпалықты бөлісуге мәжбүр. Идеал әлемде ғалымдар шындықты ашуы керек, ал саясаткерлер оларды басқа фактілермен салыстыруы керек. Саясаткерлер этикалық ауыртпалықты көтеріп, ғылыми әлемге есік ашуы керек. Алайда, бүгінде көптеген елдердегі жағдай басқаша жұмыс істейді және ондай еңбек бөлінісі жоқ.

Ғалымдар саяси шешімдер құрбанына айналуда

Санта-Фе институтының философы Дэвид Киннидің айтуынша, ғалымдар дағдарыс тұсында барлық фактілерді сирек кездестіреді. Кинни, «Зерттеушілердің ұсынатын ең керемет нәрсесі – мүмкін ықтимал нәтижелер сериясы, кейде бұл ауқым соншалықты кең, ол саясаткер үшін жұмыс істемейді. Сондықтан ғалым адам жайлы аймақтан шығуға қиналады және дәлелдерге қарамастан бұл ауқымды тарылтады.”-дей келе, ғалымдардың өздерінің этикалық таңдауын жасау қиынға түскенін айтты.

«Сондықтан біз қазір ғалымдардың 1918 жылғыдай БАҚ-та бір-бірін алдағанын көреміз.”Бұл ақылсыздық!” деген Кинни, саясаткерлер мен ғалымдар арасындағы сәйкессіздік адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтіп, ғалым Марсельдің жақында жасаған жұмысына тоқталды.

МАРСЕЛЬДЕГІ ЗЕРТТЕУ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ДАУ

Францияда танымал профессор және Марсельдегі L’Institut Hospitalo-Universitaire (IHU) Méditerranée-де жұмыс істейтін Дидье Раульт өткен аптада Ковид-19 емделуінен сәтті нәтиже алғанын түсіндіретін бейнені жариялады. Раульт,ойлап тапқан емделумен вирустың 6 күн ішінде жұқпалылықтың алдын алатынын мәлімдеді.

Жүргізіліп жатқан зерттеуде Ковид-19 пациенттеріне гидроксиxлорохин, антибиотиктер мен азитромициннің комбинациясы беріледі. Гидроксиохлорин – бұл хлороциннің аз токситті түрі, әлемдегі ең көп тағайындалған дәрі-дәрмектердің бірі, ал азитромицин бактериялық пневмония үшін, Ковид-19 асқыну ықтималын төмендету үшін қолданылады.

Емдеу ғылыми негіздемелермен әлі қамтамасыз етілмей келеді

Зерттеуде Марсельде қолданылған біріктірілген дозалардың қауіпсіз екендігі туралы мәлімдеді, бірақ мұны қолдайтын ғылыми негіз көрсетілмеген. Әр түрлі сарапшылар қолданатын бұл комбинация кейбір науқастарда кардиотоксикалық әсерге ие болуы мүмкін екендігі айтылған (жүрекке әсер ететін зат және дәрі).

Марсельдегі аурухананың сайтында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін 80-нен астам пациентке ем қолданылған. Хабарламада айтылғандай, науқастар басқа ауруханаларда қалған адамдарға қарағанда Ковид-19-ға қарағанда тезірек қалпына келген.

Зерттеу сыншыларының пікірінше, бұл сандар қалыпты клиникалық зерттеу стандарттарымен салыстырғанда өте аз, және есепте бірнеше сәйкессіздіктер бар. Сарапшылар емделуге келмейтін және бірдей жағдайларда бақылау жасайтын және жасы бойынша сәйкес келетін бақылау тобы жоқ екенін айтады.

“БАСҚА АМАЛЫМЫЗ ЖОҚ”

Зерттеуді басқарған профессор Раульт, адамдар өз өмірлері үшін күресіп жатқан жағдайда, қызметкерлердің оларды құтқару үшін тәуекелге баратынын және әсері бар дәріні беруден басқа тиімді нұсқалары жоқ екенін айтады.

Раульт, Францияның жұқпалы аурулардың жетекші орталығын басқарады әрі әлемдегі ең танымал ғалымдардың бірі.

Ол емдеу процесінің дұрыстығын айшықтай отыра, неге дәлелді емес, этикалық шешім қабылдағанын түсіндірді. Өткен демалыс күндері Le Monde-ге берген сұхбатында ол дәрігерлердің қызметі ғылымға емес, пациенттерге екенін еске салды. Раульт уақыт өзін дәлелдейтініне сенеді.

Екінші жағынан, Ұлыбританияның бас дәрігері сэр Артур Ньюшолме 1918 жылы тамызда этикалық шешім қабылдағанда, қате болып шықты.

Испан тұмауының алғашқы толқыны артта қалғанда, әлем Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы сатысында болды. Ньюшолме, соғыс әрекеті басым болып табылады деген негізде, жоспарланған екінші толқынмен күресу туралы шешім қабылдады. Бірнеше апта ішінде испан тұмауы кекпен оралды.

Испан тұмауы туралы

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1918-1920 жылдар аралығында жалғасқан испан тұмауының пандемиясы екі жыл бойына екі үлкен толқынмен жалғасты.500 миллионға жуық адамды жұқтырған деп саналатын ауру шамамен 50 миллион адамның өліміне себеп болды.

Жауап қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда атыңызды енгізіңіз:

- ЖАРНАМА -
- ЖАРНАМА -

Танымал

Тоғызқұмалақ – табиғат пен болмыс

Мақсат Есенбекұлы Шотаев - Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-Президенті Тоғызқұмалақтан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Коронавируспен күресте 1918 жылғы Испан тұмауынан үйренеріміз не?

Әлемде шамамен 1 миллион 300 мың адамға жұққан және 70 мыңнан астам адамды өлтірген корона вирусының жаңа түріне (Ковид-19) қарсы вакцина әзірленген жоқ.

Неліктен өлімші вирустар жарқанаттарда пайда болады?

Жарқанаттар жақында пайда болған және жануардан адамға берілетін көптеген аурулардың негізгі себебі болып саналады. Неліктен өлімге әкелетін вирустар сол жануарда пайда болады?

Қатысты мақалалар

Ресейге шындықты қабылдау қиынға соғады

«Біздің әуе қорғаныс жүйелеріміз Идлибте бұзылған жоқ» Бұл Ресейдің Идлиб аймағында орын алған оқиғадан соң жасаған мәлімдемесі.

Элон Маск: Корона вирусының дүрбелеңі – ақымақтық

Жақында SpaceX және Tesla компаниясының директоры Элон Маск күн тәртібінен түспеген корона вирусы туралы жаңа мәлімдеме жасады.